Оқушылардың хореографиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу, рухани- адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру мақсатында санитарлық- эпидемиологиялық қауіпсіздік   нормаларын, талаптарын   сақтай  отырып, әдістемелік орталықтың   ұйымдастыруымен   ағымдағы    жылдың    17 наурыз     күні

«Ақ шағала» республикалық  хореографиялық фестивль- байқауының аудандық кезеңі қашықтан өтті.Байқау қорытындысы бойынша Аманбай Өміров атындағы балалар өнер мектебінің «Жұлдыз» бишілер тобы I орынды  иеленіп,  облыстық  кезеңге  жолдама  алды.