Аудандық әдістемелік орталық жоспарына сай, 2021 жылдың 12 наурыз күні әдістемелік орталық базасында ZOOM платформасында электронды білім беру технологиясына тең дәрежеде қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім сапасын жоғарылату, цифрлық технологиямен жұмыс істеу технологиясын жандандыру, әдістемелік көмек беру мақсатында күнделікке жауапты мамандар арасында «Электронды журналды меңгерту деңгейін арттыру» тақырыбында онлайн режимінде аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті.Семинарда аудандық әдістемелік орталық әдіскері Г.Даулетова семинарды ашып, 2020-2021 оқу жылындағы электронды күнделіктің мектептерде   жүргізілу жайы туралы айтып, толық таныстырып өтті.Семинарға 14 мектептен күнделікке жауапты мамандар қатынасып, іс-тәжірибе бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар семинарда Х.Досмұхамедұлы атындағы орта  мектебінің күнделікке жауапты маманы Б.Сұлтанова  «ҚББ-да есептер, кесте жасау тәжірибемнен» тақырыбындағы іс - тәжірибесін презентациялады. «Kundelik tester арқылы БЖБ\ТЖБ өткізуге арналған құрал-тестерді ыңғайлы және тез жасау» тақырыбындағы іс –тәжірибесімен Кенбай орта мектебінің күнделікке жауапты маманы Ф.Жұмабаева  өзінің іс-тәжірбиесін ортаға салып, жұмыстарын  әріптестерімен бөлісті. Сағыз орта мектебінің күнделікке жауапты маманы Ж.Изтилеуова  «Күнделік электронды журналын толтырудың қосымша мүмкіндіктері» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісіп, презентациялады. Семинарда шығармашылық жұмыстарын баяндаған мұғалімдер Аудандық әдістемелік орталықтың «Алғыс хатына» ұсынылды.