Аудандық әдістемелік орталық жоспарына сай, 2021 жыл 28 қазан күні әдістемелік орталық базасында «Өзін- өзі тану» пәні мұғалімдерінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін шыңдау, жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту, мұғалімдердің сабақ беру әдістемесін және теориялық материалдарды меңгерту, шығармашылық әлеуетін және инновациялық қызметін дамыту, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өзін- өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған «Жалпыадамзаттық құндылықтар- рухани дамудың негізі» аудандық семинар онлайн режимі ZOOM платформасында өткізілді.Семинарды әдіскер Г.Искакова ашып, ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жалғастырды. «Адамның ішкі әлемі» 7 сынып арналған үлгілі сабақты Кенбай орта мектебінің мұғалімі А.Нұрғалиева, «Өзін- өзі тану» пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру» Жаңашаруа қазақ орта мектебінің мұғалімі И.Елшибекова, «Жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбие бағытында ықпалдастыру, шығармашылық, шеберлігі» Л.Бисембаева іс- тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестермен тәжірибе алмасты.